Павлодарда кәсіпкерлер өнімдерін өткізу нарығын кеңейте алады
«Атамекен» палатасының ұйымдастыруымен «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрмесі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көрмені өткізудің басты мақсаты – қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге экспортқа шығып, өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу.
Көрмеге келушілер қолөнершілер дайындаған қолөнер бұйымдарын, Павлодар облысы өндірушілерінің азық-түлік өнімдерін көре алады. Сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі Павлодар қаласы, Конституция алаңы мекенжайындағы Естай атындағы мәдениет сарайында 21 тамыз, сағат 10.00-де өтеді.