Екібастұзда 30-дан астам әйел-ұстаз марапатталды

Екібастұзда 30-дан астам әйел-ұстаз марапатталды
Фотосуретті ұйымдастырушылар ұсынды

Іс-шара білім саласындағы аруларға 8 Наурыз мерекесіне арналған тамаша сый болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған білім беру ұйымдарының шығармашылық ұжымдары – «Самғау», «Қайнар» ББК, музыка және көркемсурет мектептерінің оқушылары, ұстаздар қатысты. 

Салтанатты шара аясында 30-дан астам әйел-ұстазға Павлодар облысы білім беру басқармасының, қала әкімінің марапаты табысталды.

Шығармашылық кеш «Самғау» балалар шығармашылық орталығының концерт залында ұйымдастырылды.