16 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын болмайды

16 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -3...-8°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, шығысында және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы -2...+3°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Батыс, шығыс және орталық аудандарда тұман сақталады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -5...-7°C болады. Аспанды бұлт аралайды, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы 0...+2°C болады. Аспанды бұлт аралайды, жауын-шашынсыз. Тұман сақталады.