Павлодардағы кардиологиялық орталықта өрт шықты

Павлодардағы кардиологиялық орталықта өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға кезінде ғимараттан ондаған қызметкер өз бетінше эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Павлодар қаласындағы Ткачев көшесінде орналасқан облыстық кардиологиялық орталықта өрт тіркелді. Ғимараттың екінші қабатындағы техникалық бөлмеде электр қалқанындағы аккумулятор батареялары жанған.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, жалынды толық сөндірді. Өрттің жалпы аумағы екі шаршы метрді құрады. Құтқарушылар келгенге дейін ғимараттан 30 қызметкер өз бетінше эвакуацияланған.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.