Екібастұзда аялдамада тұрған әйелді автобус қағып кетті

Екібастұзда аялдамада тұрған әйелді автобус қағып кетті

Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан жүру қозғалысын жалғастырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қазанда «Zhong Tong» маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі аялдамада жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде көліктің алдында тұрған әйелді қағып кетті. Автобус одан кейін қозғалысын әрі қарай жалғастырғаны анықталды.

– Екібастұз қаласының полициясы ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді департаментте. 

Апат салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.