Павлодар облысында қарашаның соңына дейін жылы ауа райы сақталады

Павлодар облысында қарашаның соңына дейін жылы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Айдың соңғы күндерінде аяз күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлім етті.

22 қарашада облыстың батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы -2…-7, күндіз +2…+7 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

23 қарашада өңірдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, жаңбыр мен қар күтіледі. Түнде ауа температурасы -2…+3, күндіз +2…+7 градус болады. Жел солтүстік-батыс бағытқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

24, 25, 26 және 27 қараша күндері жауын-шашын мен жел сақталады. Түнгі ауа температурасы өзгермейді, күндіз 0…+5 градус болады.

28 қарашадан айдың соңына дейін облыста қар жауып, боран соғады деп болжануда. Түнде ауа температурасы -13, күндіз -7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.