Жеңіл ақша іздеген: Павлодарда есірткі заттарының қаптамашысы ұсталды

Жеңіл ақша іздеген: Павлодарда есірткі заттарының қаптамашысы ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

24 жастағы жігіт ауыр жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел уәкілдер Естай көшесінде тыйым салынған заттардың шағын партияларының сатушысын ұстау бойынша операция жүргізді. Нәтижесінде екі грамнан астам синтетикалық есірткі әлеуетті тұтынушыларға жеткізілмей қалды. 

– 24 жастағы ер адам жеңіл ақша іздеп, интернет-дүкенге есірткі заттарының курьері болып жұмысқа орналасты. Қаскүнем есірткінің үлкен партияларын кішігірім дозаларға бөлді. Ал кейіннен дилер оларды қаланың құпия жерлерінде жасырып, қалдырып отырды,– деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер есірткі сатушының жеке басын және оның қылмыстық іс-әрекетінің схемасын анықтау үшін жедел шаралар кешенін жүргізіп, жас қаптамашыны ұстады.

– Қаптамашылардың мансабы алысқа бармады, жас жігіттің абайсыз әрекеті үшін ауыр жаза қолданылады,– деді Болат Нұрсейітов.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі «есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті қамауда. Осы баптың ең жоғарғы санкциясы мүлкінің тәркіленуі, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.