Екібастұзда жылу тарифі бекітіледі
Осыған байланысты қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
16 қазан күні сағат 12:00-де «Өнер» қалалық мәдениет сарайындағы кіші залында «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-дан қоғамдық тыңдаулар өтеді. Жылу энергиясын беру, тарату және жеткізу жөніндегі қызметтердің тарифтік сметасы бекітіледі.
Жылу тарифі екі параметрден – жылу энергиясын өндіру мен тасымалдаудан тұрады. Мұндай шешімді қалалық әкімдік қабылдады. Жылу электр станциялары 6262 теңгелік тарифті бекітіп қойған. Енді энергия тасымалдау құнын бекітетін болады.
Өткен жылы жылу бағасы 5579 теңге тұрған.