Coca-Cola керуені Павлодарға келмейді

Coca-Cola керуені Павлодарға келмейді
Фото: wallhere.com

Компания маршруттың жалғасуы туралы ақпаратты жақын арада хабарлауға уәде берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Coca-Cola Kazakhstan» компаниясының мәліметінше, Ақтау қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің барлық қалаларында жаңажылдық керуеннің қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Еске сала кетейік, сусын таситын көліктер 25-30 желтоқсан аралығында кешкі сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін қаланы аралап өту керек болған.