Павлодар облысында бүтін бір мемлекетке тең жер шаруаларға қайтарылды
Бұл – жайылымдық жер тапшылығын шешудің бірден-бір жолы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов мұндай проблеманың барлығын жоққа шығармады және бұл сұрақтың туындайтдығының заңды екендігін айтып өтті.
- Кеңес кезеңінің ең дамыған жылдарында Павлодар облысында 80 мың жылқы болған, қазір – 200 мың. Ірі қара мен қойдың саны да екі жарым есеге артты. Көріп тұрғаныңыздай, малдың саны жылдан-жылға көбейіп келе жатыр, одан жердің көлемі көбеймейді, - деді Асайын Байханов.
Бұл мәселені шешу үшін пайдаланылмайтын жерлерді қайтарып, шаруалар мен фермерлерге қайтару жұмысы қолға алынды. Биыл 380 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл Кабо-Верде секілді шағын мемлекет аумағына тең немесе Люксембургтен асатын жер көлемі.
Айта кетейік, былтыр шаруалар мен фермелердің пайдалануына 603 мың гектар жер қайтарылып, үлестірілді.
Фото: Константин Шелков