Екібастұз ауылдық аймағында дала алқабы өртенді

Екібастұз ауылдық аймағында дала алқабы өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің шығуына халықтың отты абайсыз қолдануы себеп болған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 5 шілдеде түнгі сағат 2.15-те «112» желісіне Құдайкөл ауылында дала алқабы өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

–  Оқиға орнына Құдайкөл ауылынан екі техника мен 7 адам, Қалқаман ауылы 13-өрт сөндіру бекетінен бір техника және үш адамы жіберілген. Жол бойында Темір жол ауылдық округінің әкімі көмектен бас тартты. Жеке құрам келгенге дейін ерікті өрт сөндірушілердің күшімен өрт сөндірілген, – деді департаментте. 

Жалпы ауданы 40 гектар аумақ жанған. Тілсіз жау сағат 02.40-та ауыздықталып, сағат 03.15-те жойылды. Шығын келтірілген жоқ.