Павлодар облысында сәбіз қымбаттап, күріш арзандады

Павлодар облысында сәбіз қымбаттап, күріш арзандады
Фото: Константин Шелков

Облыстық статистика департаменті 2023 жылғы маусымдағы тұтыну бағаларының индексін жариялады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасы – 1%-ға, оның ішінде күріш – 6,9%-ға, макарон өнімдері – 1%-ға, нан және ұннан жасалған кондитерлік тағамдар 0,7%-ға қымбаттаған. 

– Тұздалмаған сары май бағасы 1,3%-ға, қышқыл сүт өнімдері – 0,8%-ға  өсті. Сонымен қатар жұмыртқа және күнбағыс майының бағасы 4,4%-дан төмендеді. Көкөністердің ішінде сәбіз бағасының – 28,1%-ға, картоп – 9,1%-ға, қызылша 6,7%-ға өсуі байқалды, – деп жазылған хабарламада. 

Алкогольді сусындар 4,4%-ға, алкогольсіз сусындар бағасы 2,4%-ға өскен.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша жиһаз және үй тұрмысында пайдаланатын заттар бағасы – 1,1%-ға, жеке бас гигиена тауарлары – 0,6%-ға, фармацевтикалық өнімдері 0,4%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер көрсету саласында шаштараз және сұлулық салоны қызметтерінің бағасы – 2,2%-ға, қонақ үйлер мен мейрамханалар – 1,8%-ға, амбулаторлық қызметтері бағасы 0,4%-ға өсті.

Жылу маусымының тоқтатылуына байланысты ыстық сумен жабдықтау тарифі 8,3%-ға арзандады.