23 шілдеде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

23 шілдеде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстік желдің екпіні секундына 7-12, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +12..+17, күндіз +28...+33 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +15..+17, күндіз +30...+32 ыстық болады.