Павлодарда су құбыры жөнделеді
Бірнеше көшелердегі үйлерде су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Академик Сәтбаев көшесі, 40 мекенжайындағы су құбыры учаскесі мен ысырманы ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты бірқатар тұрғын үйлерде сумен қамту тоқтатылады.
Су беру 11 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша уақытша тоқтатылады:
- Академик Сәтбаев көшесі, 40;
- Лермонтов көшесі, 44;
- Астана көшесі, 53, 55.
Жұмыс өндірушілер туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және аталған үйлердің тұрғындарына қажетті су қорын алдын ала жинап алуды ескертеді.