Павлодарда бірқатар үйлерде жарық болмайды

Павлодарда бірқатар үйлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Бекмаханов көшесі, 25, 31;
  • Естай көшесі, 84;
  • Абай көшесі, 75, 83, 110, 110/1;
  • М. Жүсіп көшесі, 35;
  • Қайырбаев көшесі, 86, 88, 90, 92, 94.