Екібастұзда 40 шақты жүргізуші жарты жылға көлік басқара алмайды

Екібастұзда  40 шақты жүргізуші жарты жылға көлік басқара алмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар жолдың қарсы бағытына шыққан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатқан. Ер адам М.Әуезов көшесіндегі қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Сол түні Энергетиктер көшесінде ВАЗ-21099 жүргізушісі тоқтатылды, ол да қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. 

– Биыл қарсы қозғалысқа арналған, оның ішінде бұрылыспен ұштасқан жолдың жүру бөлігі жағына шығу бойынша 38 факті анықталды,  –  деп атап өтті  Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Медет Бейсенов.

Барлық жүргізушілер алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.