Екібастұзда ешқашан жөндеу көрмеген жол жөнделді

Екібастұзда ешқашан жөндеу көрмеген жол жөнделді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин ГРЭС-1 - Басқамыс бағытындағы автомобильдік жолдың жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл бағытта жол ешқашан жөнделмеген, халықтың көптеген жылдар бойы көтеріп жүрген көкейтесті мәселесі еді.  Жалпы ұзындығы 62 км құрайды. Былтыр 21 км жолдың рекострукциясын жасадық. Енді 42 км жөндеу үстіндеміз. Жұмыстарды толығымен қазан айының басында аяқтауды жоспарлаудамыз, – деді Аян Бейсекин. 

Бұл жобаның іске асуы Үкімет пен облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауының арқасында мүмкін болды. Екі жылда 3,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұдан басқа, биыл Құдайкөл, Зеленая роща, Бозшакөл ауылдарына кіреберіс жолдары жөнделді.

Көп жылдан бері жөндеу көрмеген ГРЭС-2 - Сарқамыс бағытындағы 25 км жолдың жөндеуі аяқталған.