Көктайғақ пен қар: Павлодар облысында күн суытады

Көктайғақ пен қар: Павлодар облысында күн суытады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер алдағы аптада күтілетін ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 24 қыркүйекте жауын-шашынсыз болады. Түнде сынап бағанасы 0...+5°С, облыстың шығысында -3°С, ал күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында -3°С, ал күндіз +8...+13°С болады. 

26 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде -0...-5°С, ал күндіз +6...+11°С көрсетеді. 

27 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +5...+10°С жылы болады. 

Сенбіде түнде облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, облыстың солтүстігінде, шығысында -3°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз +10...+15°С жылынады.  

Жексенбіде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +13...+18°С-ты көрсетеді.