Екібастұзда локомотив машинисі жұмыс барысында көз жұмды

Екібастұзда локомотив машинисі жұмыс барысында көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Болжамды түрде жұмысшыны тоқ соқты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 5 тамыз күні «Богатырь Көмір» ЖШС Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының локомотив машинисі көз жұмды. 

– Қазіргі уақытта жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Біз жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтаймыз, – деп атап өтті департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

42 жастағы машинист нақты неден қаза болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін ғана белгілі болады. 

Еске сала кетейік, 2 тамызда «Богатырь Көмір» кенішінде  сағат 15:20-да жұмыстарды орындау кезінде 1993 жылы туған қызметкер биіктіктен құлады. Орын алған факт бойынша болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, гемодинамика тұрақсыз, вазопрессорлық қолдау жүргізіледі.