Сатушыны байлаған: Павлодарда 25 айфон ұрлаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)
Күдіктілер Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Полиция аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 2-тармағы 4-бөлігінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті 1991 және 1994 жылы туған екі Екібастұз қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 22 желтоқсанда сағат 10.30-да Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қолдары мен аяқтарын байлап, 25 дана iPhone маркалы ұялы телефондар мен 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты ашық иемденген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады.
Тергеу жалғасуда.
Фото: Константин Шелков