Баянауыл балуаны «Қазақстан барысы» жолдамасын жеңіп алды

Баянауыл балуаны «Қазақстан барысы» жолдамасын жеңіп алды

«Баянтау» спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне «Павлодар барысы» облыстық іріктеу  жарысы өтті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Ақсу  қаласы дене  шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, бүгінгі таңда 13 жыл қатарынан өткізіліп жатқан қазақ күресі шетелде де өзінің тұрақты жанкүйерлерін тауып үлгерген. 

Баянауыл ауданынан келген Мұхтар Дәлелханұлы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Ақсу қаласының спортшысы Амри Багустар жеңіп алса, үшінші орын павлодарлық Еркебұлан Егінбаевқа бұйырды.

Жеңімпаз «Павлодар Барысы – 2023» медалімен және белбеуімен, 500 мың теңгеге ақшалай сертификатпен марапатталады.

Күміс жүлдегер 250 мың теңгені иеленді. Қола жүлдегер 150 мың теңге алды. 

Іріктеу турнирінде бірінші және екінші орын алған балуандар республикалық кезеңде «Қазақстан барысы» атағы үшін белдесетін болады.

Айта кету керек, дода облыстық қазақ күресі Федерациясы және Amanat партиясының қолдауымен өтті.