Екібастұзда Астана тұрғыны зират қызметкерінің автокөлігін айдап әкеткен

Екібастұзда Астана тұрғыны зират қызметкерінің автокөлігін айдап әкеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ауди-80» автокөлігін ұрлаған 41 жастағы тұрғын елордада ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлметінше, ағымдағы жылдың 11-12 қазан аралығында облыс аумағында «Айдап әкету» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Тәртіп сақшылары Астана қаласында Екібастұз қаласының шетінде орналасқан зиратта еркін қолжеткізу жолымен зират қызметкеріне тиесілі «Ауди-80» автокөлігін айдап әкеткен елорданың 41 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, – деп хабарлады департаментте.

Полицейлер мұндай жағдайда бірінші кезекте кезекші бөлімге «102» нөмірі бойынша қоңырау шалу керек екенін ескертеді. Себебі, полицияға жедел қоңырау шалу ұрлау кезіндегі стандартты процедураны – «ұстап алу» жоспарын іске қосады, өйткені алғашқы бірнеше сағат ішінде көлікті табу мүмкіндігі жоғары болады.

Айта кетерлігі, бұл іс-шара автокөлік құралдарын ұрлауға және айдап әкетуге, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған.