Аққулы ауданы қарбыз фестиваліне шақырады

Аққулы ауданы қарбыз фестиваліне шақырады
Фото: Константин Шелков

15 қыркүйек күні сағат 11.00-де жыл сайынғы «Қарбызды өлкем» қарбыз фестивалі өтеді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризм бөлімінің ақпараты бойынша, іс-шара аясында мерекелік тағамдар таратылады, концерттік бағдарлама, жәрмеңке, қолөнершілер көрмесі, қарбыз карвингі және қауын өсірушілер көрмесі, қарбыз жеуден байқау, футболдан спорттық жарыстар, шахмат пен дойбы, асық ату және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылады.

Фестивальге баруға ниет білдіргендер үшін автобустар шығады. Көлік М.Жүсіп көшесі, 35/1 («Достық үйі») мекенжайы бойынша сағат 9.00-де аттанады. Орындар саны шектеулі. 

Өтінімдер +77053436315, +7705162004 телефон нөмірі бойынша қабылданады