Иттер көрмесі: Баянауылда қысқы туристік маусым ашылады

Иттер көрмесі: Баянауылда қысқы туристік маусым ашылады
Фото: pexels.com

Туристік маусымның ашылуы 23 желтоқсанға жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, іс-шара «Березовая роща» турбазасы аумағында өтеді.  

Туристік маусымның ашылуына орай суреттер конкурстары, «Тазы» және «Хаски» тұқымды иттердің көрмелері, бүркіттер, іс-шараға қатысушылармен ойындар ұйымдастырылады. Сондай-ақ палау мен бауырсақтар, шай таратылады. 

Еске сала кетейік, былтыр қыста тауда демалуды қалайтын жерлестеріміз бен қонақтарға «Мырзашоқы» тау-шаңғы кешенінің қысқы туристік маусымы қаңтар айында ашылған болатын. Тау-шаңғы кешенінде сенімгерлік басқарушысымен 44  тау шаңғысы және 20  сноуборд жалға беру қызметтері қарастырылды.