Екібастұзда тұқымды жылқылар көрсетіледі
Қалада ғылыми іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
9-10 қазан күндері Павлодар облысының жылқы өсірушілер қауымдастығы мен Торайғыров университеті аймақтың мал шаруашылығы өкілдерін «Қазақстан мен шекаралас мемлекеттерде жылқы шаруашылығын дамытудың перспективалары» атты бесінші мерейтойлық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Бағдарламада — Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдарының селекция, өнімділік, этология және жылқы шаруашылығындағы цифрлық технологиялар мәселелері бойынша баяндамалары қарастырылған.
Конференция қатысушылары «Анара» шаруа қожалығының көрме алаңын аралап, мұғалжар тұқымды жылқыларды, қазақтың жабы тұқымын, жаңаалтай тұқымдарын және олардың будандарын көре алады. Сондай-ақ үйір қалыптастыру мен зооветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған жаңа баз-бөліктің таныстырылымы өтеді.