Павлодарлық кәсіпкерлерді жаңа Салық кодексімен жұмыс істеуге үйретеді
Тыңдаушыларға жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша шолу ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы 9 қазан күні бизнес субъектілерін «2026 жылғы жаңа Салық кодексі: өзгерістерге шолу» атты семинарға шақырады. Ол сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Семинарды келесі үш сарапшы жүргізеді. Салықтық әкімшілендірудегі жаңалықтар, халықаралық салық салу, оның ішінде дивидендтер мен роялти төлемдері жөнінде ақпарат беріледі.
Бұдан бөлек, салық салу принциптеріндегі өзгерістер мен нақтыланулар, ашықтық, салық органдарының актілері мен әрекеттеріне шағымдану, әкімшілендірудегі заңнамалық өзгерістер (камералдық бақылау және тексерулер), сондай-ақ жаңа мәжбүрлеу және өндіріп алу шаралары, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енген кассациялық сатыдағы өзгерістер және істерді кассацияда қарау тәжірибесі туралы айтылады.
Оқыту Луговая көшесі, 16 үй, 316-кабинет (конференц-зал) мекенжайындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде өтеді.
Семинарға келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScBL0jalvuF8VhqsQuAHHi2Mnbmn_CKWmyt9dMkm7NAhV6bdA/viewform?pli=1