Биыл Павлодар облысында қанша тұрғын баспаналы болды?

Биыл Павлодар облысында қанша тұрғын баспаналы болды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінде кезекте 23 мыңнан астам адам тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл жайлы облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

– Әлеуметтік тұрғын үйге кезекті азайту үшін қалаларда 1.550 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй салынды. Келесі жылы ауылдық жерлерде 206 пәтерлі  9 үй салу жоспарлануда,– деді Асайын Байханов. 

Асайын Байханов өзінің баяндамасында жол инфрақұрылымына да тоқталды. 

– Оны жақсарту үшін 27 миллиард теңгеге жалпы ұзындығы 692 шақырым жолдар жөнделіп, 141 жоба іске асырылды. Келесі жылы 26 миллиард теңгеге 527 шақырым автожолдарды жөндеу қарастырылған,– деп атап өтті облыс әкімі. 

«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 35 мың адам тұратын 26 ауылдың инфрақұрылымы жаңартылды. Облыс әкімі алдағы екі жылда ауылдарға баратын барлық жолдарды жөндеуді мақсат етіп отыр.