14 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 18 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C, ал солтүстігінде -1°C болады. Облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар жауады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +6...+11°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында аздаған жаңбыр жауып, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Аспанды бұлт торлап, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +7...+9°C шамасында болады. Аздаған жаңбыр жауады.