Екібастұзда жүргізуші есірткіге мас күйінде ұсталды

Ол ережені сақтамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер біресе жүріп бара жатып, біресе тоқтаған көлікті байқаған. Полицейлер жүргізуші мас болуы мүмкін деген күдікпен Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатты.
– Жүргізушімен сөйлескен кезде ол біртүрлі әрекет етті. Бұл полиция қызметкерлерінің күдігін туғызды. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізілді. Ол каннабиноидтарды қолданып, көлік жүргізгені белгілі болды, – деді департаментте.
Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді.