Екібастұзда қанша тұрғын үй жылыту маусымына дайын?

Екібастұзда қанша тұрғын үй жылыту маусымына дайын?
Фото: Есенжол Исабек

Облыс әкімі Асайын Байханов алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгінде көпқабатты 690 тұрғын үйдің 664-і жылыту маусымына дайын. Бұл үйлердің жылу тораптары мен ішкі жүйелерін жуу және нығыздау жұмыстары жүргізілді. Қалған 16 үй бойынша жұмыстар 18 қыркүйекке дейін аяқталады.

ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына 330 адам жұмылдырылған және жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Жылу беру маусымының басталуына қарай Екібастұз ЖЭО-да алты қазандық толықтай дайын болады, бұл қаланы тұрақты жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Қалған төрт қазандықты жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, – деп жазды облыс әкімі Іnstagram парақшасында.

Қайта жаңартылып жатқан жылу магистральдарындағы жұмыстар 95% орындалды. Қазір сильфонды компенсаторлық құрылғылар мен бекіту арматуралары және жылу камераларының құрылғылары орнатылуда. Бұл жұмыстар 20 қыркүйекке дейін аяқталады.

– Екібастұздықтардың үйлеріндегі жылу мен жайлылық жергілікті атқарушы органдардың, жылу желілері қызметкерлерінің және мердігерлердің бірлескен жедел жұмысына байланысты. Екібастұздықтарға уақытында жылу берілуі керек,  – деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы жылу беру маусымына дайындық бойынша барлық мәселені үнемі бақылауда ұстайтынын жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assain Baikhanov (@asaiyn.baikhan)