Павлодар қаласында қар тазалауға екі жүз адам шықты

Павлодар қаласында қар тазалауға екі жүз адам шықты

Арнайы техника қала көшелерінде тазалыққа шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлім етті. 

- Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Павлодар қаласының көшелеріне жолдарды сыпыруға және көктайғаққа қарсы материалдарды себу үшін арнайы техникалар шықты. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде, - деді бөлімде.

Қала көшелеріндегі жұмысқа 34 КамАЗ, 14 тиегіш және 30 сыпырушы техника, 9 құм шашушы техника, 200 адамды құрайтын 13 топ шықты.

Автокөлік жүргізушілерін және қала тұрғындарын жолда абай болуға шақыруда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)