Екібастұздағы көшеде ағып жатқан ыстық су тоқтатылды

Екібастұздағы көшеде ағып жатқан ыстық су тоқтатылды

Құбырдың бекіткіші орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бекіткіш орнатылып, өшірілген учаскелерді суға толтыру жүргізілуде. 

- Қалада 215 үйде ыстық су бар. Бірақ оларға ыстық төмендетілген параметрмен берілген. Анықталған ақауды толық жойғаннан кейін параметр қалпына келтіріледі, - деді баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, ақау шыққан бөлікте үйдерде онсыз да ыстық су болмаған. Өйткені жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. 

Еске салайық, Екібастұзда көше бойында ыстық су ағып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған болатын. 

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №-2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.