Ақсудағы күзгі драйв: энергетиктер бірліктің күшін көрсетті

Барлық бастаманың негізінде қолдау, ортақ іске ұмтылыс, құрмет пен драйв тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ERG компаниясының күзгі денсаулық фестивалі Ақсуда өтті. Аймақтың энергетикалық дивизионы ұйымдастырған шараға 11 команда қатысты. Қатысушылар командалық рухты нығайту және корпоративтік құндылықтарды дамыту мақсатында бас қосты.
«ЕЭК» АҚ-ның ұжым және мәдениет жөніндегі директоры Айдос Адай құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық фестивальдері тек жазда ғана емес, күзде де дәстүрге айналғанын атап өтті. Энергетиктер дивизионының құрамы кеңейіп келеді: бұрын тек «ЕЭК» АҚ электр станциясының қызметкерлері қатысса, енді оларға жаңа активтер қосылды – «Қазхром» АҚ ТНК-ның филиалы болып табылатын жылу электр станциясы және «ERG Service» ЖШС-нің филиалы – Павлодар жөндеу басқармасы.
– Олар біздің үлкен отбасымыздың бір бөлігіне айналды, команда жинап, өнер көрсетті. Аксу қаласындағы шараның ауқымы жыл сайын кеңейіп жатқаны бізді қуантады. Ең бастысы – адамдар жұмыстан тыс араласып, спортқа тартылуда, – деп атап өтті Айдос Адай.
Айдос Адай компанияның басты құндылықтары – қызметкерлердің өмірі мен қауіпсіздігі екенін еске салды.
– Биыл компаниямызда қауіпсіздік жылы деп жарияланды. Біз барлық кездесулерде егер жұмыс қауіпсіз болмаса, қызметкер оны тоқтатуға құқылы және міндетті деп атап көрсетеміз. Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірі – бәрінен маңызды. Біз қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға тырысамыз, кәсіпорындарда мінез-құлық аудитін жүргіземіз, ережелерді түсіндіреміз. Бұл жазалау үшін емес, әр адам түсінуі үшін қажет. Қорғаныс құралдарынсыз қауіпсіз еңбек ету мүмкін емес, – деді ол.
Сол күні Ақсу жағалауы ритмді музыка, жылылық және ерекше күзгі көңіл-күйге толды. Әр тапсырма командалық рухты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және бейресми қарым-қатынасқа жағдай жасауға бағытталды. Қатысушылар ойындар мен спорттық белсенділіктер арқылы бір-бірін қолдауды, тиімді әрекеттесуді және ортақ мақсатты сезінуді үйренді.
110-нан астам қатысушы тапсырмаларды орындады. Ал қызметкерлердің отбасылары жанкүйер ретінде келді. Компания өкілдері тапсырмалардың жыл сайын қызықты әрі көңілді бола түсетінін, ең бастысы – қауіпсіз екенін атап өтті.
Әр командаға ереже жазылған жеке «Сынақ кітапшасы», бағалау парағы және түрлі-түсті қағаз білезіктер берілді. Қатысушылар тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинап, фестивальдің финалдық жолдауын ашуға қажет «кілт» фрагменттерін – пазлдарды жинады. Нәтиже – командалардың бірігуі, мотивация, командалық рух және жағымды эмоциялар.
Тапсырмалар бірнеше локацияға бөлінді: «Соққы», «Пейнтбол», «Жылдам жарыс», «Тепе-теңдік», «Хоккей». Энергетиктер самокатпен жарысты, үлкен клюшкалармен қарсылас қақпасына гол соқты, сонымен қатар, арнайы аттракционда жұдырық күшін сынады.
Нағыз командалық рухты көрсеткен топтардың арасында «Химдрайв» болды – бұл «ЕЭК» АҚ электр станциясының химиктері мен жүргізушілері. КамАЗ жүргізушісі Айтбай Тоққожинов командалық шараларға белсені қатысатынын алға тартты.
– Ауа райы керемет. Дивизиондағы әріптестерді көргенде көңіл көтеріліп, жан жылиды. Тапсырмалар ерекше, қызықты болды. Әріптестерге денсаулық, күш-қуат тілеймін. Кей сәттерде әр адамның рөлі маңызды болды. Жұмыста да солай, әркім – үлкен өндірістің бір бөлшегі, – деді ол.
Ақсу электр станциясының химиялық цехының лаборанты Гүлназ Ахметова «Химдрайв» атауы химиктер мен жүргізушілердің бірігуінен туғанын айтты.
– Мұндай шаралар қызметкерлерді біріктіреді, эмоция мен позитив сыйлайды. Біз тамаша команда құрдық. Ер адамдар күш көрсетті, біз де олардан қалыспадық. Спорт пен белсенді демалысты үйлестірдік. Жеңіс рухы сезілді, жарысқа деген құмарлық ерекше болды, – деді Гүлназ Ахметова.
Әр команда креативті атауы мен өзіне тән көңіл күйімен ерекше болды. «ERG Service» ЖШС Павлодар жөндеу басқармасының оқшаулау және қаптау учаскесінің отқа төзімді маманы Анна Серебрякова өз армандаған командасы туралы айтып берді.
– Біздің командамыз «Делай как надо» деп аталады, ал ұранымыз – «Оқшаулау – от, қаптау – күш. Біз жеңілмейміз». Біреулер шақыртумен келді, біреулер өз ниеттерімен қосылды. Әріптестерімізмен көрісіп, мәре-сәре болып қалдық. Бұдан артық не керек? – деді Анна Серебрякова.
Тимбилдинг қорытындысы бойынша Ақсу электр станциясының қазан-турбина цехының «Мегаватт» командасы жеңімпаз атандв. Екінші орын станция басқармасының «Сильнейшие – Ең күшті» командасына бұйырды. Ал үздік үштікті станция электр цехының «Сила тока» командасы түйіндеді. Жеңімпаздар дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Күннің соңында қатысушыларды ыстық шай мен палау күтті.
Серіктестік материал