Екібастұзда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші әйел алты ай көлік жүргізбейтін болды
Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусымда сағат 18.20 шамасында Екібастұз қаласының Торайғыров көшесінде 40 жастағы әйел басқарған CHEVROLET AVEO маркалы көлік құралы тоқтатылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, әйел адам 2023 жылдың сәуір айында ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы бойынша қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне шыққаны үшін алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
– ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы патрульдік қызметі ротасының командирі Фаруз Күсембеков.
Екібастұз қаласының полиция басқармасы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздікті назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.