Елімізде аң аулау ережесі өзгерді
1 сәуірден бастап елде аң аулау ережесі өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Экология және табиғи ресурстар министрінің қаулысымен енді аңшылық атыс қарумен болса, тек 21 жастан бастап рұқсат етіледі.
Ит немесе жыртқыш құстармен аңшылыққа шығу үшін 14 жас талап етіледі.
Сондай-ақ аңшы куәлігінің болуы және аңшылыққа арнайы рұқсат алу міндеттеледі.