«Ертіс» футбол орталығының менеджері маусымның үздігі атанды
Өткен демалыста QJL Awards рәсімі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Ертіс» футбол орталығының менеджері Қайырбай Хасенов Freedom QJ League-2026 маусымының үздік менеджері деп танылды. Ол марапатты жыл сайынғы QJL Awards салтанатты рәсімінде алды.
Бұл марапат футбол орталығының күнделікті жұмысын ұйымдастыруға, командалардың дайындығына қажетті жағдай жасауға және академияның үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін берілді.
Айта кетейік, биыл павлодарлық клубтың жасөспірімдер командасы U-15 Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал команданың бас бапкері Нұрлан Байжұманов қазан айының үздік жаттықтырушысы деп танылған болатын.
Осылайша, «Ертіс» футбол орталығы Freedom QJ League маусымын бірнеше марапатпен қорытындылады.