«Ertis Promenade»-нің жабылуында кімдердің өнер көрсететіні белгілі болды
26 қыркүйекте бас сахнада осы маусымның соңғы кеші өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жаз бойы «Ertis Promenade» қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын концерттер, сүйікті әншілердің өнері мен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың қатарында отандық эстрада жұлдыздары мен шетелдік танымал хитмендер де болды. Ұйымдастырушылар осы маусымның жабылуын да ерекше форматта өткізуді жөн көрген.
26 қыркүйек күні қаланың басты сахнасында өтетін жарқын кештің хедлайнерлері – павлодарлықтардың сүйіктісіне айналған Мирас Жүгінісов пен ALPHA , DARICORN және Rahman Sati. Ал маусымның жабылуында арнайы қонақтар да өнер көрсететін болады. Олар – Максим, Lүriq, Jay Sean.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын сенбі күні сағат 19:00-де Ertis Promenade бас сахнасының шығармашылық маусымның жабылуына шақырады.
Ал кеш соңында павлодарлықтарды мерекелік отшашу күтеді.