«Ертіс» футбол шыңдарын бағындыруды бастайды
Бүгін төрт жылдық үзілістен соң қайта жаңғырған футбол клубы тұңғыш матчын өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылғы Қазақстан Кубогіндегі жарыс Павлодардың «Ертісі» мен алматылық «Хан Тәңірі» арасындағы кездесумен басталады. Ойын Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде өтеді. Бүгінгі қарсыластардан өзге «А» тобында көкшетаулық «Оқжетпес» пен тағы бір алматылық ұжым «AKAS» ойнайды.
«Хан Тәңірінің» есімі Қазақстанның аттас ең биік шыңының құрметіне қойылған. Команда Бірінші лигада ойнайды. Былтырғы маусымды ұжым турнир кестесінің жетінші орында аяқтады. Клуб дамудың эволюциялық жолың таңдап, бірте-бірте жоғарылап келеді. Мысалы, «Хан Тәңірі» Алматыдағы ҚазҰУ стадионын иемденіп, оны жөндеп, қазіргі кезде сол аренада доп тебеді.
Клуб сапында Премьер-лигада ойнаған футболшылар өнер көрсетеді. Мысалы, алматылықтар үшін Бауыржан Тұрысбек, Диас Қалыбаев секілді форвардтар, Ойбек Балтабаев пен Адам Адахаджиев сияқты жартылай қорғаушылар мен қорғаушы Ермек Қуантаев ойнайды.
Кездесу 16.00-де басталады. Көрсетілімді Q Football/Q Arena телеарнасы немесе QFL.KZ сайтыннан көруге болады.
Естеріңізде болса, осыған дейінгі соңғы матчты «Ертіс» 2020 жылдың 14 наурызында ойнаған болатын. Сол кезде Премьер-лиганың екінші туры аясында Павлодарда «Ертіс» петропавлдық «Қызылжарды» қабылдаған еді. Матч 1:1 есебімен аяқталып, павлодарлықтар тарапынан голды Карлос Фонсека соққан.