Екібастұздық футболшылардың қатысуымен өткен кездесу қайғылы аяқталды

Екібастұздық футболшылардың қатысуымен өткен кездесу қайғылы аяқталды
Фото: «Хан Тәңірі» ФК

Алматының «Хан Тәңірі» командасының ойыншысы қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бірінші лиганың 25-туры аясында екібастұздықтар Алматыда кездесу өткізді. Таблодағы есеп «Хан-Тәңірі» пайдасына 2:0 болғанда матчтың 62-минутында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Диас Төлеу шабуыл кезінде кенет құлап қалды. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін ойыншыны ауруханаға алып кетті, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

«Оқиға матч кезінде орын алды. Әдеттегідей, стадионда жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болды. Диасқа дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем каретасы төрт минут ішінде Диасты ауруханаға жеткізді, алайда дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады», - деп хабарлайды клубтың ресми Instagram парақшасы.

Диас Төлеу – алматылық «Қайрат» жастар жүйесінің шәкірті, ол сол жақ жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Өткен маусымда ол «Хан Тәңірі» клубына ауысып, 2024 жылғы Бірінші Лига чемпионатында 26 матч өткізіп, үш гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Биылғы маусымда Диас Бірінші лигада 19 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді, сонымен қатар Қазақстан Кубогының үш матчында өнер көрсетті.

«Ертіс» және «Екібастұз» футбол клубтары, сондай-ақ Павлодар облысының футбол қауымдастығы команда ойыншысының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына, жақындарына және «Хан Тәңірі» футбол клубына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.