Тілешев пен Роналду: Павлодарлық форвард жоспарларымен бөлісті

Тілешев пен Роналду: Павлодарлық форвард жоспарларымен бөлісті
Фото: «Ертіс» ФК

Команда көптен күткен Қазақстан футболының элитасына оралуына дайындықты пысықтауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл қыста «Ертіс» жастар орталығының түлегі Мирас Тұрлыбек туған клубына оралды. Бұл жаңалықты павлодарлық футбол жанкүйерлері сөзсіз қуанышпен қарсы алды. Клубтың баспасөз атташесі Асқар Хайргелдинов шабуылшыдан оның жоспарлары мен команданың мақсаттары туралы сұрады.

- Үйге оралу туралы шешім мен үшін ерекше маңызды болды, себебі мен осы клубтан шыққанмын. Мен бала кезімнен «Ертісте» ойнағым келді. Жанкүйерлердің пікірлерін оқу ерекше толқу тудырды: бұл маған жігер мен сенімділік береді, - деп мойындады шабуылшы.

Мирастың айтуынша, команда ойдағыдай әзірленуде, жақсы атмосфера орнаған, ал бапкерлер штабы өз идеяларын жүзеге асырып жатыр.

- Мен алдағы маусымда командамыздан тұрақтылық пен ілгерілеу күтемін, - дейді Мирас Тұрлыбек. – Мен үшін командалық табыс ең маңыздысы, ал жеке табыс екінші орында. Бірақ, әрине, гол соғып, командаға жеңіс әкелу, жанкүйерлерді қуантсам ба деймін. «Ертіс» тарихында көптеген мықты шабуылшылар болды, сол сбепті біреуді ерекше атап өту қиын. Бірақ Ұлықбек Бақаев пен Мұрат Тілешев ерекше есте қаларлық ойнады, ал әлемде, әрине, Роналду – ол сияқты ешкім гол соға алмайды.

Шабуылшы «Ертіс» футбол орталығындағы жаттықтырушыларына алғыс айтты, ол әсіресе Асхат Мұсатаев пен Алексей Сорокиннің еңбектерін ерекше атады.

Мирас Тұрлыбек жанкүйерлерден алдағы маусымда команданы қолдауды сұрады және Павлодар футбол сүйер қауымының үмітін ақтау үшін барын салуға уәде берді.

Айта кету керек, Павлодар футболының түлегі Мирас Тұрлыбек өткен маусымды Ақтаудың «Каспий» командасында өткізді, онда 23 матчта 23 гол соқты. Оның дәлдігі «Ертістің» басты қарсыласына Бірінші лиганың кіші алтын медальдарын жеңіп алуға көмектесті. Айта кетерлігі, шабуылшы туған командасына қарсы үш кездесудің әрқайсысында гол соғып жүрді.