«Ақсу» ФК ел чемпионатының Премьер-лигасынан екінші мәрте түсіп қалды

«Ақсу» ФК ел чемпионатының Премьер-лигасынан екінші мәрте түсіп қалды
Фото: Валерий Бугаев

Бірақ қазір бұған спортшылар кінәлі емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, «Ақсу» ФК 2023 жылғы премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатындағы ойындарының қорытындысы бойынша 14 команданың ішінен 14 орын алып, футболдан ҚР Біріншілігінің бірінші лигасына түсіп қалды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстанның кәсіби футбол лигасы премьер-лигаға қатысуға төрт футбол клубына ұсыныстар жолдады, оның ішінде «Ақсу» ФК да бар.

«Ақсу» ФК 2023 жылғы маусымның ойыншыларына жалақы бойынша берешегі және басқа да қаржылық қиындықтары бар болғандықтан, 2024 жылғы маусымның премьер-лига ойындарына қатыса алатынын растай алмады, – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы мен футбол командасының арасында 600 миллион теңге сомасына бірінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысуға шарт жасалды.