Павлодар қаласының әкімі тікелей эфирде сұрақтарға жауап береді
Диалог алаңы әлеуметтік желіде өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, ол 2023 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелері мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы айтатын болады.
– Баршаңызды қатысуға және толғандырған сұрақтарыңызды қоюға шақырамын, – деді ол хабарламасында.
Тікелей эфир 29 ақпан күні сағат 17:00-де қала басшысының «Instagram» парақшасында өткізіледі.