Екібастұзда полицейлер ер адамды өрттен аман алып қалды
Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызментінің мәліметінше, қала тұрғыны полицейлерге өртенген көлігін сөндіруге уақытылы көмектескені үшін алғыс айтты.
25 маусым күні Денис Бейсембаев Солнечый кентіне бара жатқан жолда көлік капотының астынан түтін шыға бастаған.
– Мен бірден тоқтап, абдырап қалдым. Осы уақытта полиция қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Медет Бейсенов, патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары Еркін Мейірман және Қанаш Дархан автопатрульмен келіп, түтінді байқап, жедел шаралар қабылдады, – дейді қала тұрғыны.
Полицейлер қызметтік автокөліктегі өрт сөндіргішпен отты ауыздықтаған.
Өрт толығымен сөндірілген соң тәртіп сақшылары автокөлікті сүйреп, үйге жеткізуге көмектескен.