Кенжекөлде ер адам суға батып кетті
Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусымда сағат 14.30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Еске сала кетейік, 8 мамырда Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кеткен болатын.