Ақсуда ауа райының қолайсыздығына байланысты жарық ажыратылды

Ақсуда ауа райының қолайсыздығына байланысты жарық ажыратылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарық 3-4 сағат ішінде беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақсу қаласында электр энергиясы апаттық жағдайда ажыратылды. Қазіргі уақытта мамандар тарапынан ақауларды жою және жарықты қалпына келтіру бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Электр энергиясын толық қалпына келтіру 3-4 сағат ішінде жүзеге асады деп күтілуде.