Павлодарда жүз мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Тағы 380 мың гектар жерді қайтару жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Amanat" партиясы Павлодар облыстық филиалының мәлімдеуінше, «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында Нұржан Әшімбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын сараптамалық талқылауға қатысты.
Кездесу «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликованың төрағалығымен өтті. Талқылауға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Бейнеконференция байланыс режимінде ауылдық округтердің әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының басшылары қосылды.
Талқылау барысында жайылымдық жерлердің тапшылығы мен тозуы, жайылымдық және шабындық жерлерді беру нормасының болмауы мәселелері көтерілді. Жер ресурстарының шектеулі болуы ауыл шаруашылығын дамытуды қиындатады. Тағы бір мәселе - ауылдық округ әкімдері тарапынан жеке қосалқы шаруашылықтар үшін пайдалануға арналған жайылымды бақылаудың болмауы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов қазір осы мәселе бойынша толықтырулар енгізу бойынша талқылаулар жүріп жатқанын айтты. Павлодар облысы бұл жұмысқа бірінші болып қосылды.
- Облыстың бір өкілі жайылым туралы Заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобына кіруі керек деген ұсыныс бар. Сондай-ақ, ауылдағы жастарды қолдау үшін пилоттық режимде конкурс жарияламай жер беру мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл жастарға өз шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді, - деді Нұржан Кемерұлы.
2023 жылы Павлодар облысында 380 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда, бүгінгі таңда 104 мың гектар жер қайтарылды.