Коронавирустың жаңа штамы күш алды – ДДСҰ

Коронавирустың жаңа штамы күш алды – ДДСҰ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың енді күш алып келе жатқан EG.5 D-19 штамына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews.com жаңалықтарына сілтеме жасап.

– Қысқы маусым алдында Жердің солтүстік жартысында коронавирус қаупі қайта күшейді. Таяу Шығыс және Азияда коронавирустан болған өлім-жітім саны артса, Еуропада бойынан EG.5 D-19 штамы табылған науқастар ауруханаға жиі көріне бастаған, – деп мәлімдеді ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус

ДДСҰ-ның Covid-19-бен күрес бойынша техникалық жетекшісі Мария Ван Керкховенің айтуынша, бұл штамм өзге штаммдарды ығыстырып шығармайды және дәл осы жайт ДДСҰ алаңдаушылығын туғызып отыр.

Бұл ретте Тедрос Адханом Гебрейесус коронавируспен күресте адамдардың иммунитетін көтеру, сәйкесінше екпе алу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.