Май ауданында пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізіледі
Пікірлер мен ұсыныстар 14 қыркүйекке дейін қабылданады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«ZHOLPAK» ЖШС - 43-46-(10а-5в-12,13,17,18,19,23,24) Павлодар облысының Май ауданында 2023 жылғы 11 қаңтардағы №1943-УД лицензиясына сәйкес М блоктарының алаңында қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жоспарлап отыр.
Өтінішті «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында 2023 жылдың 15 тамыздан https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарынан табуға болады. Пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіне дейін.
Пікірлер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаментінің pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), +7(7182) 532354 телефон нөмірлері бойынша қабылдайды.