Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Катаев көшесі, 66, 68 (№17 арнаулы бейіндік саралап оқыту орта мектебі);
  • Н. Назарбаев даңғылы, 169 («Шашлыки гиганты» кафесі, «Loft park» антикафесі).

Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:

  • Н. Назарбаев – Краснодонская – Семенченко – Каз.Правды көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.