Мыңжылдық тарихы бар шетелдік оқу орнында қазақ тілі оқытылуы мүмкін

Мыңжылдық тарихы бар шетелдік оқу орнында қазақ тілі оқытылуы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Президенттің тапсырмасымен арнайы сөздіктің алғашқы басылымы пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Оксфорд университетімен өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды. Соған сайкес университетте қазақ тілін оқыту қолға алынбақ.

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетіне ат басын тіреді.

– Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды, – дейді министрлікте.

Бұдан әрі министр Нұрбек Саясат британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.